Біздің миссиямыз
Дамуында ерекшеліктері бар балалардың ата-аналарының өмір сүру деңгейін жоғарлатуға көмектесу.

Ата-аналарға кәсіпкерліктің негіздерін және офлайн мен онлайн негізде қашықтан мамандық алуға үйретеміз.Алматы және Астана қалаларында орналасқан жаттығу орталықтарында ата-аналар балаларымен бірге сабаққа қатыса алады. Сабақ өту барысында балалар ұстаздар мен тәрбиешілердің қарауында балаларға арналған бөлмеде болады.

Білім беру­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­

Бағдарламалар жеке бизнес бастауға және ақпараттық бизнесте жқмыс бастау үшін негізделген.
Инклюзия

Ерекше балалардың ата-аналары Қазақстан бойынша онлайн курстарда оқи алады. Білім алу үшін интернетке кіру мүмкіндігі болу қажет. Жаттығу орталықтарында балалармен қатысу мүмкіндігі бар.
Құқықтары

Ерекше балалардың ата-аналарының мәселелерін талдап, оларды мемлекеттік дәрежеде қарастыруды насихаттаймыз.
Қауымдастық

Біздің қорда Қазақстан бойынша 300 ден астам ата-аналар тіркелген, олар бір-бірін қолдай отырып тәжірибелерімен бөліседі.
«Мама Про» қоры 2018 жылы ұйымдастырылған. Біз, яғни «ерекше» балалардың аналары бір-бірімізді қолдаңымыз келді. Кейін ерекше баланың ата-анасы аталып осы жолға жаңадан түскен, депрессияға түсіп үмітін үзбек болғандарға көмектесуге бел будық.
Білім беру бағдарламасы
Негізгі бағдарлама:
Кәсіпкерлік негіздері мен компьютерлік сауаттылық курстары 30 сабақтан тұрады және Алматы мен Астанадағы жаттығу орталықтарында оффлайн жүргізіледі. Курстың ұзақтығы – 2 ай. Курсты тәмәмдаған соң, түлектер өздерінің жобаларын қорғайды. Ата-аналары білім алып жатқанда балаларға балалар бөлмесінде тәрбиешілер қарайды.
Онлайн бағдарламалар:
Кәсіпкерлік негіздері мен компьютерлік сауаттылық курсы
1) . Жабық онлайн алаңында өтеді. Курс 20 сабақтан тұрады. Ұзақтығы – 1,5 ай. Курсты аяқтаған соң түлектер өздерінің жобаларын қорғайды. Келесі курстың басталуы – 2020 жылдың шілде айы.
СММ маманы
1) СММ маманына қайта даярлауға арналған. Ұзақтығы – 1 ай. Курсты бітірген соң сертификат беріледі.
Копирайтинг
1) Бұл бағдарлама өз бизнесіңізге қатысты немесе тапсырыс бойынша коммерциялық мәтіндерді жазуға үйретеді. Ұзақтығы тәжірибе өтумен бірге 1,5 айды құрайды.
Психологиялық қолдау
1) Онлайн бағдарламаның басталуы – 15 маусым. Ұзақтығы – 4 ай. Аптасына 3 рет психологпен вебинар қарастырылған.
Выбор города
Выбор курса
Осы уақытқа дейін кәсіпкерлік негіз бен компьютерлік сауаттылық курсынан 11 ағым жүргізілген.

180 түлегіміз бар.
Түлектердің 99 пайызы отбасы мен жеке бас эмоционалдық көңіл күйінің артқанын ескерген.
Түлектердің 60 пайызы оқудан соң өздернің жобаларын жүргізген.
Түлектердің 67 пайызы оқуды әрі қарай жалғастырып жаңа мамандықтар игеруде.
Сіздердің сұрақтарыңыз бар ма?
Ата-аналардан жиі келіп түсетін сұрақтарды жинадық. Курсқа қабылдану, сабақ кестесі, орталықтың жабдықталуы және тағы басқа маңызды сұрақтар туралы білетін боласыздар.
  • Білім алу қанша тұрады?
    Білім алу «Сорос-Қазақстан» қорының гранты негізінде тегін беріледі
  • Егер баламда әзірге мүгедектік туралы анықтамасы болмаса курсқа қатыса аламын ба?
    Егер невропатолог қойған диагноз туралы анықтама болса, сізге қатысуға болады.
  • Білім беру қай тілде жүргізіледі?
    Білім беру орыс тілінде жүргізіледі. Жақын арада қазақ тілінде бағдарламалар бастаймыз.
  • Қатысу үшін жобаның жоспары болу керек па?
    Егер сізде әзірге жоба жоспары мен идеялар болмаса ештене етпейді. Сабақ барысында біздің оқушыларымыз жоспарларын анықтап жобаны қорғау барысында бизнес жобаларын анықтап алады.
  • Балаларды емдеуде не ата-анасын қолдауда каржылай көмектесесіздер ме?
    Өкінішке орай біз тек білім беру/ағартушылық қызметтерін ғана ұсынамыз.
  • Бизнес идеяларды іске асыру үшін гранттар бересіздер ме?
    Жоқ.
Қордың қатысушысы атаң
Тіркеу формасы
Сабақтарға тіркелу барысында, Сіз біздің құпиялылық саясатымен келісесіз